Атырау қ. жалпы режімдегі әйелдер колониясы - УГ-157/11 айыпталушыларымен кездесу

Атырау облыстық ЖИТС ке қарсы орталығы алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолгі А.Абылгазиева және Атырау облысы полиция Департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Ж.Садиров Атырау қ. жалпы режімдегі әйелдер колониясы - УГ-157/11 айыпталушылармен кездесу өткізілді.
Басты мақсат : өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, ақпараттандыру деңгейін жақсарту және есірткі тұтынудың алдын алу.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау, көмек көрсету, олардың қоғамның толыққанды мүшесі бола алатындығы айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.