Атырау облысының 1 659 тұрғыны тәулігіне Covid-19-дан егілді

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

7 қыркүйектегі мәліметтер бойынша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 1 659 жергілікті тұрғын алды.
Екпе алғандар арасында: 15 дәрігер, 44 педагог, 30 студент, 4 құқық қорғау органдарының қызметкері, 28 Мемлекеттік қызметкер, 141 созылмалы аурумен ауыратындар, 1 397 жергілікті тұрғындар бар.
2021 жылғы 1 ақпан мен 7 қыркүйек аралығында Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентімен 205 163 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 152 762 жергілікті тұрғын егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханаларда вакциналардың болуы туралы ақпаратты 98-02-92 нөмірі бойынша алуға болады.