Атырау облысында Covid-19 бар 70 науқастың жағдайы ауыр

Реанимация бөлімшелерінде 7 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 939 адам ем алуда.
Жүктеме 31,1% (3012 төсек-орынға) құрайды.
Реанимация бөлімшелерінде 70 пациент жатыр, олардың 7-і ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Жұмыс жүктемесі 56,9% (123 орынға) құрайды.