АТЫРАУДА 2 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

Емдеуші дәрігердің айтуынша, бала ДЦП, оптикалық нервтің атрофиясы, микроцефалия диагнозымен есепте тұрған.
- 2021 жылдың 26 тамыз күні дене қызуының көтерілуінен Атырау облыстық балалар ауруханасына түсті. Оны тексеру барысында компьютерлік томография өкпенің 12 пайызын зақымданғаны анықталып, №2 Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды. Балада құрысу болуының әсерінен 31.08.-03.09 аралығында жансақтау бөлімінде жатты. Тиісті ем-шаралар көрсетілді. 10 қыркүйек күні дене қызуы түсіп, ауруханадан толық жазылып шықты, -деді емдеуші дәрігері Назерке Төлетаева.
Есімін жасыруды өтінген баланың ата-анасы дәрігерлерге алғысын айтып, халықты қауіпті індеттен қатаң сақтауға шақырды.