Бастапқы медико-санитарлық ұйымдарының эпидемиологтарына семинар өткізілді

5 қазан 2021 жылы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының №480 бұйрығына сәйкес облыстық ЖИТС орталығында «АИТВ инфекциясы бойынша нормативтік құқықтық актілер» тақырыбында қалалық және аудандық бастапқы медико-санитарлық ұйымдарының эпидемиологтарының қатысуымен семинар өтті.
Семинар барысында АИТВ инфекциясына қарсы шаралар (халықты тестілеу, реципиенттер,жүкті әйелдер, апаттық жағдайлар), АИТВжұқтырғандарды диспансеризациялау,МӘМС, ПӘК, анадан балаға жұғудың алдын алу, стигма мен дискриминация,АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ағарту шараларын ұйымдастыру , АИТВ инфекциясына зертханалық тексеру. преаналитика сатысына қойылатын талаптар таныстырылды . Шараға 15 медицина қызметкері қатысып , тестілеуден өткізілді.
Мамандар қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, тәжірибелік көмектерін көрсетті.