Covid-19: 13 науқастың жағдайы ауыр

Реанимация бөлімшіде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 113 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 19,5 % құрайды (580 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 13 пациент жатыр, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған. Жүктеме 22,4 % (58 орынға) құрайды.