Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, Қазақстан Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.

Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды, Қазақстан Президенті тиісті Жарлыққа қол қойды.

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1992 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын "дәрігер–педиатр" мамандығы бойынша, 2007 жылы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Есенова "мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері" мамандығы бойынша, 2015 жылы – "Алматы Менеджмент Университеті" ОҒҚ "іскерлік әкімшілендіру магистрі"мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1993 жылы № 2 Атырау қалалық емханасында учаскелік педиатр болып бастаған.

1994-1999 жылдары-Ақтау қаласының №1 медициналық санитарлық бөлімінің меңгерушісі.

1999-2001 жылдары-Маңғыстау инфекциялық ауруханасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.

2001-2005 жылдары-Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2005-2006 жылдары-Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008-2017 жылдары-ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басқармасының бастығы, департамент директоры.

2017 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың маусымынан бастап денсаулық сақтау вице-министрі болды.