
«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Еркінқала дәрігерлік амбулаториясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын теңгеріміндегі мемлекеттік коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру (сатып алу құқығынсыз) және жапсырма құрылысын салу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі – МЖӘ жобасы) бойынша 2021 жылғы 8 желтоқсанда «Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік әріптесі мен «Ақтөбе транзит экспедишн» ЖШС жекеше әріптесі арасында МЖӘ шарты жасалғанын хабарлайды.
Келісім-шарт Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаментінде тіркелді.
МЖӘ объектісін жаңғырту құны: 125 645,5 мың. теңге.
МЖӘ шартының жалпы мерзімі – 20 жыл
МЖӘ жобасының негізгі параметрлері мен талаптары:
- Жеке әріптес МЖӘ объектісін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;
- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес дәрігерлік амбулаторияға жапсарлас құрылыс салуды жүзеге асырады;
- жабдықтар, бұйымдар, инвентарь және басқа керек-жарақтарды сатып алады;
- табыс табу мақсатында халыққа медициналық қызметтер, сондай-ақ медициналық емес қызметтер көрсетеді.