Атырау қ. бизнес құрылымдар арасындағы дәріс.

2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды» тақырыбында бизнес құрылымдар: «Айым мебель » ЖШС,«STAFF FORT» ЖШС , « ЭРТРИ» ЖШС,« ЗМО- Энергия» ЖШС, ЖК « Сисенова А», «Чыныбеков » ЖШС, « Жолдас » ЖШС қызметкерлер арасында дәрістер өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – бизнес қызметкерлерін АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру. Дәріс барысында АИТВ инфекциясының Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы, АИТВ инфекциясына шалдыққан адамдардың құқығын қорғау туралы айтылып өтті. Шара соңында қатысушыларға оқу ақпараттық құралдары таратылды.