№2, №3 қалалық емхана және оның филиалына әдістемелік көмек көрсетілді

14-15 сәуір 2022 жылы №2, №3 қалалық емхана және оның филиалына Атырау облыстық ЖИТС орталығының директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Акбанова Л.З., және эпидемиолог дәрігерлері Муканова Р.Т., Серікбаева А.Қ. әдістемелік көмек көрсетті.
Семинардың мақсаты: ЕАҰ медицина қызметкерлеріне эпидемиологиялық ахуалға, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, жүкті әйелдерді АИТВ – жұқпасына тексеру туралы, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты уақтылы тексеру, кодтарды дұрыс қою , сонымен қоса есеп беру құжаттарының толтырылуы, алдын алу шараларының ұйымдастырылу мәселелері туралы айтылды.