Бизнес құрылымдар қызметкерлеріне дәріс өткізілді

2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында ЖИТС орталығының маманы Ж.М.Иманғалиева, «Petro Retail », «Альфа -Кт», «Defacto Retail Store Kz», «Ай-Ару», «Умирова », «Starplast», «Лара- Сервис» ЖШС ұйымдарының қызметкерлеріне «Атырау облысы бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы және АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Тыңдаушылар дәріске белсенді қатысып, алған ақпараттарды талқылап, қызықты сұрақтар қойды. АИТВ/ЖИТС туралы оқу ақпараттық құралдары таратылды.