«АИТВ/ЖИТС –туралы не білеміз?»

18- 20 сәуір 2022 жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Абылғазиева А.Ж., Баймуханова М.У., Иманғалиева Ж.М. Атырау инженерлік -гуманитарлық колледжі, №16 Н.Қаражігітов , №14 А.Чехов, №22 А.Молдағұлова атындағы білім беру саласындағы жастарға «АИТВ/ЖИТС –туралы не білеміз?» тақырыбында семинар өткізді. Шараның басты мақсаты: Жас қауымның АИТВ/ЖИТС инфекциясы туралы білімін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Мамандар шара барысында Атырау облысы бойынша эпидемиологиялық ахуалды, АИТВ ға тексерілудің ақысыз екендігі және мекемеде психоәлеуметтік көмек көрсететін мамандар бар екендігін айтып өтті. Сонымен қатар оқу ақпараттық құралдар таратылып, қойылған сұрақтарға жауаптарын алды.