Атырау инженерлік-гуманитарлық институтындағы кездесу

22 сәуірде 2022жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «АИТВ/ЖИТС туралы не білеміз, онымен күрес жолы қандай?» деген тақырыпта студенттер мен оқытушылар арасында дәріс өткізді.
Шараның басты мақсаты: жастардың АИТВ жұқпасының залалы мен одан сақтану, күресу туралы білімін арттыру,өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру.
Қатысушылар тарпынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауаптар беріп, оларға оқу ақпарат құралдары таратылды.
Қамтылғандар саны: 7 мұғалім, 27 студент.