Әдістемелік көмек

21-22 сәуір 2022 жылы Атырау облыстық ЖИТС орталығының емдеу ісі бойынша директорының орынбасары Акбанова Л.З., алдын алу бөлімінің меңгерушісі Абылғазиева А.Ж. АВ Medical клиникасының мамандарына АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында әдістемелік көмек көрсетті.
Семинардың мақсаты: ЕАҰ медицина қызметкерлеріне қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге, денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес, жұмыс жоспарының жасақталуы және оның орындалуы, апаттық жағдайда жасалатын іс әрекеттер, реципиенттердің, жүкті әйелдердің АИТВ – жұқпасына тексерілуі туралы, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша халықты уақтылы тексеру, кодтарды дұрыс қою , сонымен қоса есеп беру құжаттарының толтырылуы, алдын алу шараларының ұйымдастырылу мәселелері туралы айтылды.