Қыздар лицейіндегі шара

2022 жылдың 13 мамырындаАтырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Абылғазиева А.Ж., эпидемиолог көмекшісі Иманғалиева Ж.М. Атырау қаласының қыздар лицейінде Бүкіл әлемдік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай шара өткізді.
Шара барысында Атырау облысы бойыншаАИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, оның алдын алу шаралары, АИТВ инфекциясына шалдыққандардың құқығын қорғау және оларға қолдау көрсету қажеттігі, орталықтан ақысыз түрде қан тапсыру арқылы өз АИТВ статусыңды білуге болатындығы айтылды!
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толыққанды жауап беріп, оқу ақпараттық құралдарын таратты.