Есімізде, қайғырамыз

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылдың 11 маусымында Денсаулық сақтау саласының үздігі, Еңбек ардагері, акушер-гинеколог Людмила Владимировна Яроваяның өмірден өткенін хабарлайды.

Өзінің еңбек жолын 1967 жылы Ақтөбе медициналық институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын қалалық одан кейін облыстық перзентханадан бастады.

Оның 30 жылдан астам еңбек жолы Атырау облыстық перинаталдық орталығында өтті. Қызметкерлер мен пациенттер Людмила Владимировнаны кәсібилігі, мейірімділігі, адамдарға деген сезімтал және мұқият көзқарасы үшін бағалады. Оның басшылығымен жас дәрігерлердің бірнеше ұрпағы өсті.

Бұл адам туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.