Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 Студенттер үйінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Алғашқы медициналық көмек көрсету» семинар - тренингі өтті.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 Студенттер үйінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Алғашқы медициналық көмек көрсету» семинар - тренингі өтті.
Геолог емханасының клинико-диагностикалық бөлімінің меңгерушісі, фельдшер Әлішер Талғатұлы студенттерге алғашқы көмектің негізгі шараларын: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқаруға (өрттен, судан шығару); апаттың зиянды әсерін тоқтатуға (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу); қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру қажеттігін атап өтті.
Студенттер көкейінде жүрген сауалдарын маманға жолдап, нақты жауаптарын алды.