Атырау энергетика және құрылыс колледжіндегі дөңгелек үстел

2022 жылдың 14 қыркүйегінде Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі», «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында қыз балаларға тәлім-тәрбие беру мақсатында бірлескен дөңгелек үстел өтті.
Шараға қатысушылар:
- ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы М.Баймұханова
- Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі
әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты А.Орақбаева
- №1 Атырау қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері А.Сеитова
- Атырау қалалық ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы полиция майоры Қ.Жарқынбекова
Іс-шара аясында АИТВ/ЖИТС туралы бейнеролик көрсетілді. АИТВ-ның берілу жолдары туралы эпидемиологиялық ахуалы, берілу және алдын алу жолдары, өз статусын білудің маңыздылығы туралы айтылды. Жастардың АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыру деңгейін арттыру, өз денсаулығына деген жауапкершілігін күшейтуге бағытталды.
Шара соңында қатысқан 43 студент пен мұғалімдерге АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.