Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны   немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес бос тұрған директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны   немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес бос тұрған директор лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды:

Конкурс өткізілетін күн және орны: 2022 жылғы 5 қазанда  Атырау қаласы,  Сұлтан Бейбарыс даңғылы 412 ғимарат, №2 Атырау облыстық ауруханасының ғимараты 4-қабат, мажіліс залында өткізіледі. анықтама телефоны (8 702 264 35 31)  электронды поштаның адресі:  atogizova@list.ru

 

Орналасқан орнын, пошталық мекен, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша мекен-жай сипаттамасы:

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№2 Атырау облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, 060009, Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 412 ғимарат,  тел.: (8 702 264 35 31) ;

облыстық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымының басшысы (директор / бас дәрігер) үшін қойылатын талаптар:

медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін - бейін бойынша);

"Қоғамдық денсаулық сақтау"/ "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша жоғары/бірінші біліктілік санатының болуы немесе экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті", "Менеджмент" немесе "Медицина" (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін)/ "Бизнес әкімшілендіру", "Іскерлік әкімшілендіру", "Экономика", "Қаржы және кредит" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы немесе ғылыми дәрежесінің/ PhD докторы дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және "Қоғамдық денсаулық сақтау" немесе "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы;

денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

Кәсіпорынның қызметінің негізгі түрлері:

Атырау облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету және клиникалық диагностикалық зерттеулер жүргізу.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • он сегіз жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ретте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасындакөзделген өзге де жағдайлар.

Білулері қажет:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Сонымен қатар конкурсқа қатысушылардың мемлекеттік басқару ұйымы бекіткен біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтар негізінде кәсіби білімдері анықталады.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау мерзімі мен орны:

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күні ішінде келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:

1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;

4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;

5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175 болып тіркелген) 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

7) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама;

8) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама.

9) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға мына мекен-жайға тапсыру қажет Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 412 ғимарат,  тел.: (8 702 264 35 31)  atogizova@list.ru

құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 5 қазанға дейін аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

10) Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

11) Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар жоғарыда көрсетілген мерзім ішінде №2 Атырау облыстық ауруханасы ғимараты, келесі мекен-жай Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы 412 ғимарат,  байқау кеңесі хатшысына, 3-қабат (персоналды басқару бөлмесі)  тапсырылуы тиіс, анықтама телефоны (8 702 264 35 31)