№79 пенитенцарлық мекемесінде семинар өткізілді

Атырау облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі А.Абылғазиева мен дәрігер эпидемиолог Р.Муканова №79 пенитенцарлық мекемесінде жеке құрам мен арнайы контингенттер арасында семинар өткізді.
Семинар барысында «АИТВ инфекциясы бойынша Атырау облысының эпидемиологиялық ахуалы, жұғу жолдары мен алдын алу шаралары» тақырыптары талқыланды.
Қатысушылар лекторларды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.