АИТВ жұқпасына алдын алуға бағытталған дәріс

2022 жылдың 8-қарашасында Атырау облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің маманы Баймуханова М.У. «АИТВ/ЖИТС -ті білу маңызды!» тақырыбында «ҚТЖ-жүк тасмалы- Батыс » ЖШС мамандарына дәріс өткізді.
Дәріс барсында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, берілу және аурудың алдын алу жолдары, стигма және дискриминация тақырыптары талқыланды.
Қатысушылар маманға өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.