11 қараша күні медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің төрағалығымен медициналық кеңес өтті.

11 қараша күні медицина ұйымдарының басшыларының қатысуымен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің төрағалығымен медициналық кеңес өтті.

Күн тәртібінде Ахуалды орталық арқылы Атырау облысының медициналық ұйымдарының жұмысын талдау, Атырау облысы бойынша 2022 жылдың 20 қазанынан 11 қарашаға дейінгі өткізілген профилактикалық байқаулардың қорытындысы, Жылжымалы медициналық кешендердің қызметі және Атырау облысы бойынша тұмауға қарсы екпе жұмыстарының жүргізілуі сөз етілді.

Сонымен қатар, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Жанабай Сағиев Атырау облысында 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы іс-шараларды жүзеге асыру тақырыбында баяндама оқыды.

Кеңес отырысы соңында төменде көрсетілген бағдарламалар бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы,
2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы.