Атырау қаласының №9 орта мектепте семинар-тренинг

2022 жылдың 18 қарашасында облыстық ЖИТС орталығы мен №7 қалалық емхана бірлесіп қаладағы №9 орта мектептің 10-11 сыныптың қыздары арасында семинар-тренинг өткізді.
Шарада алдын алу бөлімінің маманы М.У. Баймуханова, №7 қалалық емхананың психологы Р.Т.Кенжегарина, акушерка Г.А.Тулешова АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, жыныстық жолмен таралатын аурулар, ерте жүктіліктің қаншалықты зиян екенін түсіндірді.
Кездесуде бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынама таратылып, көптеген сұрақтарға кеңестер мен жауаптар берілді.
Қатысушылар саны – 45.