Кубаева Л.Ж.

Кубаева Лаура Жақсыгелдіқызы

1974 жылы 11 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында дүниеге келген.

1993 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясына «Педиатрия» факультетіне оқуға түсіп, 1999 жылы «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999-2003 жылдары Ақтөбе медициналық колледжінде оқытушы қызметін атқарған.

2003 жылы - Батыс Қазақстан медициналық колледжіне оқытушылық қызметіне қабылданған.

2005 жылы - Батыс Қазақстан медициналық колледжінде әдіскер.

2006-2010 жылдары - Сапа менеджмент жүйесінің координаторы

2010-2013 жылдары - «Лабораториялық диагностика» бөлімінің меңгерушісі

2013-2014 жылдары - «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі.

2015-2017 жылдың маусым айына дейін Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде директордың тәжірибе жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымында еңбек еткен.

2017 жылдың маусым айының 12-нен  бастап Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының  «Атырау медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры лауазымына тағайындалды.