Нурмуханов К.К.

Нұрмұханов Қуаныш Құлбайұлы, 1959 жылы 2 сәуірде Атырау (Гурьев) облысы Құрманғазы ауданы, Ганюшкино селосында туылды. Аты-тегім өзгерген жоқ. 1966-1976 жылдары Ганюшкино селосындағы Абай атындағы мектепте оқыды. 1976 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетіне түсіп 1982 жылы үздік бітіріп шықты. Еңбек жолын 1982 жылы Атырау қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында қатардағы дәрігер-инфекционист болып бастап, бөлімше меңгерушісі лауазымында жұмыс жасады. 28.11.1989 жылы мені облыста алғаш ұйымдастырылғанАтырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күресу және алдын алу орталығының бас дәрігері және облыстың бас инфекционист маманы болып тағайындады. 18.11.1996-12.12.200 жылдары Ақтөбе облыстық мамандандырылған емдеу-сауықтыру мекемелерінде бас дәрігері болып қызмет атқарды. 13.12.2000-07.03.2001 жылдары Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен күресу және алдын алу орталығының бас дәрігері болып жұмыс атқарды. 07.03.2001-28.08.2002 жылдары « Ақтөбе облыстық аймақтық апаттық медицина» мемлекеттік мекемесінде директордың орынбасары болып қызмет жасадым. 29.08.2002 -14.09.2006 жылдары Атырау облыстық психиатриялық жүйке-тамыр аурулар ауруханасына бас дәрігері болып қызмет жасадым. 14.09.2006-24.09.2008 жылдары Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулары ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасады. 24.09.2008 жылы Атырау облыстық психиатриялық жүйке-тамыр аурулар ауруханасына бас дәрігері болып тағайындалып, осы уақытқа дейін осы лауазымда жұмыс жасап келемін.(кәзіргі уақытта Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығы). Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маман-психиатры және Құрманғазы ЕСМ-нің кураторі. «Денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша жоғарғы санатты дәрігермі. Алматы, Москва, Киев қалаларында білктілік артыру курстарынан өтті. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» салалық награда иегері. Ұзақ жылғы еңбегім мен облыстың практикалық денсаулық сақтау ісін дамытуға жеке үлесім үшін, Атырау облыстық мәслихатының Алғыс хатымен және ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталғанмын. Атырау облысы емдеу-сауықтыру мекемелері арасындағы жыл байқау қортындысы бойынша «Үздік ұйымдастырушы-2010» номинациясының жеңімпазымын . Жанұялық жағдайым: Отбасылы 3 ұл-қызым, 5 немересі бар.