Дюсупова Г.С.

Дюсупова Гүлзинеп Суюнгалиевна КМК ШЖК Атырау қалалық перзентханасының директоры.

         Гүлзинеп Суюнгалиевна әлеуметтік ұйымдастырушы дәрігер, жоғары санатты гигиенист, денсаулық сақтау саласының үздік маманы.

         Дюсупова Г. С. Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің «Педиатрия» факультетін бітірген. Өзінің еңбек жолын Атырау қаласында педиатр дәрігер болып бастаған, кейін инфекциялық жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Одан кейін біріккен қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болды. Осы қызметтерінен кейін Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

         2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Атырау қалалық перзентханасының бас дәрігері болып тағайындалды. Бүгінгі таңда бұл перзентхана толық көлемде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету қызметін өз емделушілеріне ұсынып отыр.

         Дюсупова Гүлзинеп Суюнгалиевна өз қызметтеріне менеджменттің заманауи әдістерін қолдану үрдісін қалыптастыра білген ұйымдастырушы.

         Дюсупова Г. С. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Қазақстан экономикасының мақтаныштары» («Славы экономики Казахстана») орденінің иегері. «Денсаулық сақтау ісінің алтын кітабына» 2002 және 2014 жылдары енді. 2014 жылы «Жыл жетекшісі» деп аталатын ұлттық сертификат иегері атанды. 2014 жылы Атырау қалалық перзентханасы «Сала көшбасшысы» атағына 2012-2013 жылдар қорытындыларын қоса есептеу нәтижесінде, Қазақстан республикасының  талаптарға сәйкес «Өз міндеттерін мүлтіксіз атқаруда белсенділік танытқан кәсіпорын» болды. Қалалық перзентхана Қазақстан республикасы бойынша 28 қалалық перзентханалардың ішінде 4-ші орынды иемденді.