Конысов М.Н.


 Қонысов Марат Нұрышұлы  1960 жылы  Индер ауданында дүниеге келдім.

1985 жылы Ақтөбе мемлекеттік  медициналық  институтын аяқтаған соң, интернатурадан өттім

1986-1988 жылдары  Балықшы аудандық орталық ауруханасының дәрігер-хирургы болып еңбек етіп,  1988-1992 жылдар аралығында №2 қалалық аурухананың шұғыл хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург ретінде жұмыс жасадым.

1992-1995 ж. Мәскеу қаласындағы  Ресей ғылым академиясының хирургия ғылыми орталығында  ординатура оқыдым.

1995-1999ж. Атырау облыстық ауруханасының хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург  ретінде жұмыста болдым.

1999-2002 ж.ж. Ресейде  “Сердечно- сосудистая хирургия” саласы бойынша клиникалық докторантурада оқыдым.

2002-2004ж.желтоқсан айы аралығында Мәскеу қаласындағы  № 79  қалалық клиникалық аурухананың  хирургия бөлімшесінде дәрігер-хирург болып еңбек еттім.

2005ж-2007ж. қараша айына дейін  Атырау облыстық ауруханасының жоспарлы хирургия  бөлімшесінің меңгерушісі болып еңбек еттім.

2007 жылғы қараша айынан бастап Атырау қалалық ауруханасының бас дәрігері ( қазір – Атырау облыстық кардиологиялық орталығы) лауазымына тағайындалып, күні бүгінге дейін жұмыс жасап келемін.

Жанұялымын, 2 балам бар.