Айдаралиев С.Ж.

Айдаралиев Сағытжан Жанқылышұлы  1959 жылдың 22 тамызында Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы Қызыл-Ту совхозынд жұмысшы жанұясында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

   1976 жылы Қаракөл орта мектебін тәмәмдәп, Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетіне оқуға  түсіп, 1982 жылы ойдағыдай бітіріп, дәрігер-педиатр мамандығын алды. 1983 жылы Атырау облыстық балалар ауруханасында интернатурадан өтіп, еңбек жолын Новобогат аудандық орталық ауруханасында педиатр болып бастады. 1984-1994 жылдары Балықшы ауданды Дамбы селолық ауруханасында педиатр, бас дәрігер болып еңбек етті. 1994-1996 жылдарда «Самал» ЖШС-те жұмыс жасады. 1996 жылы Балықшы поселкелік әкімнің орынбасары болып қызмет етті. 1996-2009 жылдарда коммерциялық бағытта еңбек етті.

  2009-2013 жылдары Исатай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып  еңбек етті.

2013-2014 ж.ж. Исатай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары  қызметін атқарды.

2014-2015 жылдары  №7 Атырау қалалық  емханасының бас дәрігердің емдеу сауықтыру жөніндегі орынбасары лауазымын атқардым.

 2016 жылдың  5 ақпанынан бастап Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 5.02.2016 жылғы №51 бұйрығына сәйкес №7 Атырау қалалық емханасының бас дәрігері лауазымына тағайындалып, еңбек етіп келеді.

  Жанұялы.